ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНСИТРЛІГІ
«ЖІБЕК ЖОЛЫ» МЕКТЕП-ЛИЦЕІ
Информатика
Физика, математика, информатика кафедрасы
Тақырыбы::
«ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ »
Дайындаған: информатика пінінің мұғалімі
ЖАҚАЕВ. М.
Шу қаласы - 2007
ЖОСПАР:
1. Сабақ, оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде 3
2. Сабақты құрылымы мен типіне жаңаша көқарас. 3
3. Интерактивтік оқыту 4
4. Интерактивтік оқыту технологиясы 5
5. Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы 8
6. Қорытынды 10
7. Әдебиеттер 11
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы ұлгісі.
Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту және білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.
Интерактивтік оқыту.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады:
1) пассивті – оқушы оқытудың «бъектісі» ролін атқарады (тыңдау және көру)
2) активті /белсенді/ оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс)
3) интерактивті – inter (өзара), akt(әрекеттесу). ............